М. Ю. Лермонтовтан – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «М. Ю. Лермонтовтан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2110
Жасырам дүниенің бәрінен мен,
Жанымның жұмбақ сырын мәлімдемен;
Қалай сүйдім, не үшін мен азап шектім,
Қазысы жалғыз құдай арым менен!
Ақтарып екеуіне қайғы-мұңды,
Күтемін өздеріннен қайырымды,
Үкімін менің үшін бере берсін,
Қайғылы кім жасаса тағдырымды;
Аяқтан надан шуы шала алмайды,
Ешбір даң асқақ жанға сала алмайды.
Мейлі теңіз толқыны шулай берсін,
Жартасты жабылғанмен ала алмайды;
Маң дайы сол жартастың бұлтқа ұласқан.
Қос дүлей мекені оның бауыр басқан.
Дауыл мен найзағайға тілдеседі,
Басқаға күні жоқ қой сырын ашқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері