Қарауылдың қыздары – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Қарауылдың қыздары» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 719
Көрікті ғып жаратқан
Көк шыршадай құздағы...
Ханның өзін қаратқан
Қарауылдың қыздары.
Туған-туыс, бауырдың
Тал бесігі – ел іші.
Қыздары көп ауылдың
Аз болмаған серісі.
Жұлдызындай жапанның
Қызықпайды қай кісі.
Ақтоқтысы Ақанның,
Біржан салдың Ләйлісі.
Тауып сылтау – көп себеп,
Қарайлаймыз біз-дағы...
Қармағыма қапса деп
Қарауылдың қыздары.
Сырласыңдай, досыңдай
Қарауылдың қыздары.
...Болса, шіркін, осындай
Әр ауылдың қыздары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері