Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7141
Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп.
Тіршілік, өмір заңы ғажап нешік.
Бір кезде маған жайлы орын болды-ау,
Бір қолмен тербететін қазақ бесік.
Бесіктен өзің едің шешіп алған,
Қызыңның болып еді өсуі арман.
Бір кезде құндағыңа сыйған сәби
Үйіңе сыймай кетсем, кешір, анам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері