Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 1
  • 13049
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын,
Қажет болса мінбеге шыға аламын.
Бала көңіл, момақан «қазақ» деген
Елдің қызы болғанға қуанамын.
Қажет болса буатын белін бекем,
Қажет болса өлімі өмірге тең.
Желтоқсанның мұңына жүрек жаққан
Ұрпақ туған бұл қазақ тегін бе екен!


Пікірлер (1)

Камила

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері