Өлең, жыр, ақындар

Бойжеткен

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 779
Сен-дағы бойжеттің бе, айналайын,
сылдырап аққан судай жайдары Айым,
Қауызын жаңа жарған гүлдей мінсіз,
Періштем жайна дәйім...
жайна дәйім...
Сен-дағы бойжетіпсің, қарағым-ай,
даладай сұлулыққа алабы бай.
Тонаушы ұры-қары тап болмасын,
сақтауға сан пәлеңнен жара, Құдай!
Гүл шешек ата қойсын түрің мейлі,
қуанып жүрек әрі дірілдейді.
Қалқам-ау, абайла тек...
абайла тек,
кей хайуан гүлді таптап, бүрін жейді.
Жүргендей шөпті көсеп, өрт уыстап,
көрсетер бет-жүзіңнің көркі қыспақ.
Қыз болу қиын, жаным, бұл өмірде, -
бойжеткен болу деген қорқынышты-ақ...
Қымбатқа түсер кейде шырайлылық,
жақсылар өзі-ақ бәрін сынайды ұғып,
Жаманның назарына шалынарсың,
қарама...
қарамашы, бұлай күліп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анама наз

  • 0
  • 0

Күндер зырлап,
Көктем келіп,
Күз келіп,
Ауылда өстік,

Толық

Пендешілік дерті

  • 0
  • 0

«Іштен шыққан шұбар жылан,
Бұл, балам,
Айырылған адамдық нар тұлғадан...
«Ит басына іркіт төккен» бұл күнде,

Толық

Текемет

  • 0
  • 0

Жылдар қуып кетседағы ескіріп,
әлі есте, қалған кезім ес кіріп —
текеметті жайып тастап, үстіне
төсек салып жүретінмін кешкілік...

Толық

Қарап көріңіз