Өлең, жыр, ақындар

Көңіл

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Көзден жасы мөлт етті де, күлді адам,
сыр бермеді...
сыр бермеді басқа түк.
Көңілінің қуанышын ұрлаған
жан тұрса да бар үмітін тастатып.
Сыртынан ол кісідей бір ғұмырда
шаттығынан ажырамаған төрт елі.
Бірақ кеуде толы тұғын сырылға,
ал жан дүние алау-далау өрт еді.
Махаббатты әнге қосты, жыр етті
«Ай, Күнім» деп қыз алдында тік тұрған.
Ал біреулер елжіретер жүректі
пәк көңілін қабақпен-ақ ұқтырған.
Жомарт түрлі тілектерге өмірде ол,
жүрер өзі алыс, жақын деп бөліп.
Себепсіз-ақ сүйетұғын көңілдер
кете берер себепсіз-ақ жек керіп.
Бір-ақ сөзден қобалжыған, дүрліккен
алады ол шаттана да, таси да.
Тетіктері мың сан түрлі сыр бүккен
көңіл деген ең күрделі машина...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Экран алды

  • 0
  • 0

Экран алды,
Отырдың көзіңді алмай,
Алай-түлей түтеген оқ-бораннан.
Шырқырады бір сәби төзім қалмай,

Толық

Айналасың бір тынбай

  • 0
  • 0

Айналасың бір тынбай
Шырша маңын қуанып.
Төгетұғын күлкіңді-ай
Шаттығыңа суарып.

Толық

Ақсүйек

  • 0
  • 0

Айлы түн...
Аппақ Ай нұры
арбамас еді қай күні.
Шақырып сыртқа тұратын

Толық

Қарап көріңіз