Ерте өскен гүлден қорқамын – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Ерте өскен гүлден қорқамын» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 11746
Ерте өскен гүлден қорқамын
Аязға ұрынады-ау деп,
Мезгілсіз жұлынады-ау деп.
Меңіреу түннен қорқамын -
Жанарлар жұмылады-ау деп.
Жалтақ жанардан қорқамын
Жүректі жаралайды-ау деп,
Қиналсаң қарамайды-ау деп.
Жағымпаз адамнан қорқамын
Тайсаң табалайды-ау деп,
Достыққа жарамайды-ау деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері