Өлең, жыр, ақындар

Он екі

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4163
1
Қап – қара түн.
Қар аппақ.
Жел ұйтқиды жалақтап!
Жүре алмайды жан аттап.
Жел ұйтқиды жалақтап–
Жерді жалғыз адақтап!
Жел ойнайды үйіріп ,
Ұлпа қарды иіріп.
Қардың асты– көк тайғақ.
Шыңылтыр мұз, жоқ шара,
Көшедегі көп бейбақ
Тайғанайды –бейшара!
Үйден үйге тура –тап
Темір арқан керілген.
Сол арқанда– плакат:
«Құрылтайлық жиынға
Билік «тисін!» делінген.
Кемпір кейіп жылайды,
Ұға алмайды бұл жайды,
Бұл плакат не керек,
Ұзын жыртық шүберек?
Қанша шұлғау шығар еді балаға,
Жалаң аяқ, бәрі тұттай жалаңаш.
– Сақта, өзің жалғыз құдайтағала!
– Тірі көмер,
Большевиктер қарамас!
Деді –дағы кемпір тауық секілді,
Қалбалақтап қардан әрең секірді,
Ызғырық жел тұр ысқырып?
Жалтыр аяз күн үскірік!
Тұр бұрышта буржуй бұғып,
Жағасына мұрнын тығып.
Жалбыр шашты кім мынасы?
– Опасыздар , азғын сұмдар!
– Россия қалды қараң!
Болар осы жазушы дәл
Тілін безеп тантыраған...
Ұзын етек мына біреу–
Қар сыртында – тұр оғаш боп...
Неге қазір өңіі жүдеу,
Осынншама, ей, жолдас поп?
Есінде ме жүрген кезің,
Қарныңменен киіп–жарып,
Жұртты жайқап жалғыз өзің
Кіндігіңе крест тағып?
Мауыт киген ерке бикеш
Құрбысына айтты жылап:
– Өттік өксіпертелі–кеш...
Кетті тайып,
Түсті құлап!
Әй–әй!
Көтер, қолыңды бер!
Көңілді жел
Әрі ұлып ойран салған,
Әрі күліп сайран салған
Етектерін жырта жұлқып,
Жүргіншіні баудай қырқып,
Жыртып, мытып, жұла тартты
«Құрылтайдың жиынына
Билік тисін»...деген мына
Үлкен–ұзын плакатты...
Кеш күңгірт.
Көше жым–жырт
Бүріскен бір мүскін жан,
Жейдесінен жел өтіп,
Жүндей түтіп ысқырған...
Ей, сорлы!
Атта ілгері! –
Сүйісейік жүр бері...
Бір тілім нан маған қат!
Алда не тұр қараңдап?
Кет, бөгелме алаңдап!
Қап–қараңғы, қара көк.
Көңілде ыза, нала, кек
Кеудеңде лаулап жанды өрт...
Қасиетті кек, қанды кек
Жолдас! Сақ бол,
Сақ бол тек!

2
Жел гулейді ұйтқып боран,
Келе жатыр он екі адам
Винтовкада қара тартпа,
Лаулаған от – шар тарапта...
Ауызында шылым ұзын,
Баста картуз мыжым–мыжым,
Қондырар ма ед арқасына
Қонжита кеп қиық тұзын!
Туса еркіндік, үлес біз ап,
Жасар едік крессіз–ақ!
Тра–та–та!
Жолдастар, түн қандай мұзарт!
–Ванька, Катька тастап бәрін...
Кірген қабақ жиынына...
–Катька керен ақшаларын
Тыққан бүктеп ұйығына.
–Ванька алды тіпті байып...
–Солдат болды, кетті тайып!
–Ванька оңбаған, буржуй бір ит,
Жарымды көр енді сүйіп!
–Туса еркіндік, үлес біз ап,
Жасар едік крессіз–ақ!
Катька әуре Ванькаменен–
Әуре екен әлде немен?..
Тра–та–та!
Айналада – от алаулы...
Иықтарда – мылтық бауы...
Революция адымымен алға атта!
Жау көз ілмей жалақтаған жан–жақта!
Жолдас, ықпа, винтовкаңды нық ұста!
Оқ атайық –
Ертедегі,
Жер төлелі,
Салбөкселі
Қасиетті Руська!
Крестсіз–ақ бұл тұста!

3
Аттанды біздің жігіттер
Қызыл әскер легіне.
Өлу үшін буып бел –
Құрбан болып еліне!
Қасірет қайран шіркін–ау,
Тәтті өмір бір түрлі!
Үсте шапан қырық құрау,
Австрия мылтығы!
Саламыз қастап байға бір
Дүние өртін селебе,
Ол өрт қан мен бойда тұр –
Тәңірі, қолдап жебеле.

4
Қар борап, атшы айқайлап,
Ванька, Катька ағады,
Электрлі шам жайнап,
Тертесінде жанады...
Құйындатып барады!...
Солдат шинель үстінде
Өзінде жоқ ес мүлде
Бір бұрылып, бір тартып,
Қара мұртын ширатып,
Қалжындайды тіл қатып...
Ванька иықты– тұр міне!
Ванькада тек тіл мен жақ!
Құшақтап Катька–жындыны,
Айналдырған мылжыңдап...
Шалқияды, тістері
Жасалғандай алтыннан...
Катя , менің Катям–ау,
Жалпақ тұмсық антұрған.

5
Катя, сенің мойныңда
Пышақтың ізі бар әлі,
Катя, сенің қойныңда...
Білем жаңа жараны!
Биле, биле, қарағым!
Әсем екен аяғың!
Көйлек кидің өрнектеп
Жүрсең шіркін, жүріп қал!
Офицермен көлбектеп
Жүрсең ойнап күліп қал!
Күлсең ойнап күліп қал!
Күл де ойна күпілдеп!
Жүрек соқса лүпілдеп!
Сұр қоныш етік кигенсің,
Шоколад жедің талғап сен,
Юнкерге де тигенсің–
Кеттің бе енді солдатпен?
Бат күнәға тағы да!
Жайлы болар жаныңа!

6
Қарсы алдан тағы қайта құйындап,
Есер атшы келеді ұшып қиқу сап...
Тоқта, тоқта! Андрюха, бер көмек!
Петруха, арттан сен де жедел жет!...
Трах-тара-рах-тах-тах-тах-тах!
Қар ойнады көкке атылып ұшқындап!...
Есер атшы Ванькамен бір қашты...
Тағы бір ат! Мылтығыңды бір басшы!..
Трах-та-рах! Сен ұғарсың оны әлі.
Бөтен қызбен жүру қандай болады!..
Қашты, малғұн! Тоқта, тоқта көрермін!
Ертең сенің сазайыңды берермін!
Катька қайда? – қатып қалған жаны жоқ!
Қадалыпты қарақұстан барып оқ!
Қалай, Катька, қуандың ба? – жоқ дыбыс...
Қар үстінде жат өлексе, жат тыныш!.
Революция адымымен алға атта!
Жау көз ілмей жалақтаған жан-жақта!

7
Келеді сол он екі адам,
Иығына мылтық асып,
Кісі өлтірген бір байғұс жан
Қалтырайды құты қашып...
Барған сайын қадамдарын
Жиі тастап жүрді суыт.
Мойнына орап орамалын –
Келеді оның дымы құрып...
-Қамығасың, жолдас, неге?
-Неге, досым, жүрсің сасып?
Петруха, келе ме әлде,
Сол Катяға жаның ашып?
-Уа, жолдастар, бауырластар,
Сол бір қызды сүйіп едім...
Қараңғыда, мас түндерде
Сол қызбенен жүріп едім...
-Өрлігі үшін тұрған лаулап
Отты көздер қиығында,
Меңі үшін қызыл таңдақ
Орнаған оң иығына,
Сүйдім, күні болды қысқа,
Жазым етті қапылыста.
-Қараңдаршы, мына құзғын
Әндетеді қалай-қалай?
Қатынбысың,
Петька өзің?
Шынынды айт тайғанамай! –
-Білмекпісің жанның сырын?
Тыңда, айтып берейін мен!
Сонша неге сынды қырың!
-Жасымашы, көрейін ме!
-Сені әлпештеп жүретұғын,
Жайбарақат заман емес!
Күн бар отқа кіретұғын
Алда, жолдас, талай белес! –
Петруха баяу тастап
Жүрді енді адымдарын...
Көтерді ол басын асқақ,
Шаттық билеп тағы жанын...
Қажет емес бекер жасу,
Айып емес көңіл ашу!
Бекітілсін барлық этаж,
Басталады талан-тараж!
Қоймалардың есігін аш –
Тобырларға болмас лаж!

8
Уа, сен, қайғы-зәрлі у!
Құлазу, жалғыз, жалығу.
Зерігу, бітіп жабығу!
Сейіл құрып мен енді
Тасырмын, тасырмын...
Мен де бүгін төбемді
Қасырмын, қасырмын...
Шекілдеуік
Шағармын, шағармын...
Кездікпен
Жарармын, жарармын!..
Бүріс, буржуй, торғайдай!
Қанынды ішем түк қоймай
Қалың қара қас үшін,
Өзім сүйген жас үшін...
Тәңірі, жай бер жанаттан...
Жалықтым әбден бұл жақтан!

9
Қаланың шулы даусы тараған ғой,
Невда мұнара тұр алабұртпай,
Келмейді енді қайтып городовой–
Жігіттер , сайрандаңдар, шарап жұтпай!
Буржуй тұр қашқан сыйқы , ұйқы–тұйқы
Бұрышта мұрнын тығып жағасына
Қасыңда жүні іріген бұралқы иті
Құйрығын қысқан борбай арасына.
Тұр буржуй аш қаншықтай бұратылып,
Сұраудай сүмірейіп иіні түсіп.
Ескі дүние бейне о да бұралқы ит,
Артында ошарылған құйрық қысып.

10
Бұрқырайды асқақ боран,
Айқай боран, айқай боран!
Көріндейді жанында адам
Келе жатқан төрт–ақ қадам!
Қар шүмектей ширатылып,
Бір түседі , бір атылып...
– Неткен боран, құтқаршы!
– Петька!болма итаршы!
Иконостас саф алтын
Сақтаушы саф алтын
Сақтаушы ма ед еске алшы?
Санасызсың сен ақымақ,
Ойла дұрыс, ақылға сап–
Әсерінен махаббаттың,
Катьканы аттың, қанға баттың?
– Жаңылмай бас реолюция қадамын!
Жауың жақын ашқан обыр аранын!
Алға аттан атой салып,
Жұмысшы ел, топты жарып!

11
Сиынбай – ақ әулиеге
Он екі адам – тартты алысқа.
Олар әзір бәріне де,
Аяу білмес аттаныста...
Винтовкасы көк құрышты
Әзір жауға жатқан бұғып...
Тінтті олар көк бұрышты
Боран ұйтқып соққан ұлып...
Омбы қарға кетсең батып,
Ала алмайсың аяқ тартып ...
Қызыл байрақ
Көзбен ойнап.
Нық адымдар
Басты жайлап.
Оянды жау
Қару сайлап...
Бұларды ызғар сүйіп қарып,
Күндіз –түні киіп– жарып,
Көзді жапқан бүлік салып...
Алға аттан атой салып,
Жұмысшы ел, топты жарып!
12
Тартты батыл қадамменен..
– Кім бар тағы? Тез бері шық!
Ол – жел қызыл жалауменен
Алда ойнаған бір өбісіп...
Алда – биік омбы күртік
– Кім бар тез шық , жедел атта!..
Жалғыз ғана бұралқы ит
Сүйретіліп келеді артта...
– кет қотыраш сүмелек,
Ілем найза ұшымен!
Есік дүние сұм төбет
Жоғал – шаншып түсірем
... Тіс қайрайды– көк бөрі –
Құйрық жымып – жалақтап
Бұралқы ит жоқ тегі ...
– Кім келеді, жауап қат?
– Кім қызыл ту бұлғаған?
Қара абайлап бұл түнге!
– Кім адымын ұрлаған ,
Жасырынып үйді үйге?
– Сен ұстамай тынбаймын ,
Түс тірілей ұғынсаң!
– Жолдас қиын тым жайың,
Шық , атамыз тығылсаң!
Трах –тах–тах!жаңғырық
Әрбір үйден бір шыққан...
Күлген боран даң қылып
Қарға сіңіп тұншыққан...
Трах–тах–тах!
Трах–тах–тах!
...Алшаң басып барады олар.
Артта –
аш ит болады дал,
Алда –
Қанды жалау бар,
Боранда еш білінбестен,
Жауған оққа ілінбестен,
Бүршік, бүршік маржан атып,
Жай адымдап қар боратып,
Тәжін гүлден өрген аппақ,
Ииус Христос – келеді аттап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төлендіге

  • 0
  • 0

Сені тәуір көріп ем,
Бармысың сен Төленді.
Өзім жазып беріп ем,
Бақытыңа өлеңді.

Толық

Күткенде

  • 0
  • 0

Қазақ бауы1 бұрышы,
Кездескем сонда еркеме.
Жалғасқан кештің бір ұшы
Созылып түннен ертеңге.

Толық

Құмдағы қызыл аршалар

  • 0
  • 0

Сары дала төсінде
Сары дария — сары құм,
Күш керек онда өсуге,
Аршаға жайып тамырын.

Толық

Қарап көріңіз