Әлсіздік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әлсіздік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 838
Әл жоқ,
Бойымдағы –
Тастарды жаңғақтай шағатын! –
Күш, қуатым
Ағып кеткен бе?!
Iшiмдегi
Лапылдап тұрған оттарым
Жанып бiткен бе?!
Шөгiп,
Шөмейiп қалдым.
Қабырғам омыртқамнан,
Омыртқам ортасынан бөлiнiп
Сөгiлiп қалдым.
Дел-салмын.
Сарсаңмын.
Тамырларым – жiптердей! –
Қырқылып қалыпты.
Кеудем – шүберектей! –
Жыртылып қалыпты.
Алмастай тiсiм
Алыс-жұлыстың
Арасында кеттi.
Күпшектей қолым –
Ұстасқанның! –
Жағасында кеттi.
Әл жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері