Күз – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Күз» атты Айтқали Нәріков‎ жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 3
  • 13063
Сұңқылдап, сазды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.
Барады бірте-бірте түн ұзарып,
Аспанда аққан жұлдыз ізі қалып.
Ақ қайың әудем жерде мұңайып тұр,
Көктемгі әсем әнін үзіп алып.
Ерте тұр, төсегіңнен кеш тұр мейлі,
Құстардың үні шатты естілмейді.
Көйлектей оңып кеткен, күлгін тартып,
Көкжиек қорғасын бұлт кескіндейді.
Бәрінен, бәрінен күз сезіледі,
Қайтеміз, жүреміз ғой төзіп енді.
Билікті өз қолына алып жатыр,
Жылдың бір маусымының кезі келіп.


Пікірлер (3)

қарақат

түсінікті және керемет

Гулжан

Рахмет сызге

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері