Өлең, жыр, ақындар

Күзгі көңіл

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3191
Қаратып үлгертпей-ақ жан-жағыма,
Тағы бір күздің келіп қалғаны ма?
Жылдарым дөңгеленіп өтіп жатыр,
Ұқсап қырдық жүйрік каңбағына.
Ұзатып қайтқан құсты, қамығамын,
Шашымнық ағын көріп, жабығамын.
Ал бірақ сын сағаттың кезі келсе,
Белгілі сертті жерден табыларым.
Жақсылар қиын жерде сыналады,
Жамандар не айтсаң да, құп алады.
He керек, алмағайып бұл заманның,
Әнекей, келсең кел деп тұр алаңы.
Бәр-бәрі сол алаңда белдеседі,
(Жеңсе екен тиетіндер елге себі).
Жамандық жұлқысады жақсылықпен,
Сіңіріп жіберем деп жерге сені.
Көңілім, қыран едің, ұран едің,
Хабарын сезгендейсің, сірә, ненің.
Қабағы ашылмаған осынау күз,
Жайымды байқатып тұр мына менің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Қыр мені қызықтырып шақырады,
Ол бірақ, қызғалдақсыз тақыр әлі.
Даланы күн құрғатпай кеземін дeп,
Ұлтаны бәтеңкемнің қақырады.

Толық

Аманат

  • 0
  • 0

Жылдар, жылдар шарқайрақтай зырлаған,
Күш-қуатты бірте-бірте «ұрлаған».
Алыстатып жастық шақтың ауылын,
Кәрілікке жақындатқан бір қадам.

Толық

Жігіттер

  • 0
  • 0

Жігіттер, күлкі - бақыт, ұрыс - қайғы,
Шаттықтан ақын халқы жыр ұстайды.
Дүниеден арбасумен өтіп кетсек,
Кім келіп сол қатені дұрыстайды.

Толық