Өлең, жыр, ақындар

Қуанышқа тұр едiм жүгiргелi

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 527
Қуанышқа тұр едiм жүгiргелi,
Кенет қара жер неге дiрiлдедi?
Кең көшеде зулаған бiр машина,
Қағып кете жаздады бүгiн менi...
Қасiреттi жүргем жоқ сұрап емге,
Қарайламай жүгiрдiм, кiнә менде.
Қас-қағымда кетуге сәл-ақ қалдым,
Өзiм сонша қорқатын бiр әлемге.
Төгiлместей кеудемнен қайта өлеңiм,
Өмiр, кенет үзiлсең қайтер едiм?
Қайтер едiм қопарып топырақты,
Құлап түссе бүр жарған бәйтерегiм?
Жасым жеткен қария болмасам да,
Ойлайтын ем өлiмдi анда-санда.
Өмiрге пенде дайын болмағанмен,
Өлiмге дайын екен әрқашанда.
Бас айналды, құлағым шыңылдады,
Бiр-ақ көрдiм көлiктiң бұрылғанын.
Тындырмаған iсiм көп, сен әзiрше,
Шырылдай тұр кеудемде, шыбын жаным...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Футбол ойнап жатырмыз...

  • 0
  • 0

Футбол ойнап жатырмыз...
Шуақ нұрлы.
Жанкүйерлер шуынан құлақ тұнды.
Жұртпен бiрге қолдарын шапалақтап,

Толық

Ара – шалғай

  • 0
  • 0

Ара – шалғай:
сiзде – күндiз, менде түн.
Бiздiң жақта түн қымтаған жер бетiн.
Сiздiң жақта қызып жыбыр тiршiлiк,

Толық

Санаулы сағаттардан соң

  • 0
  • 0

Санаулы сағаттардан соң,
Ескi жыл,
демiң бiтедi.
Үмiтпен дос боп арман шын,

Толық

Қарап көріңіз