Жарастық па екен жастығыма тән – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Жарастық па екен жастығыма тән» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 614
Жарастық па екен жастығыма тән –
Сағынышым да сарыуайым.
Көзіме тұнса, жасты да ұнатам,
Шарасыз қалған жандайын.
Еркімді уақыт шын-ақ ұрлады,
Білмеймін, өтті қанша ай-күн.
Жүрегімдегі, қиялымдағы,
Ертегі-күнді аңсаймын.
Жатқандай, сірә, барша қызығым,
Артылмай қалып бүгіннен.
Сыртымда әлем ашады гүлін,
Беймаза ішкі дүнием...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері