Ту мен аспан – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Ту мен аспан» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Білуге бәрін құмармын,
Баламын іске жараған.
Туымның түсін сұрадым,
«Көк аспан түстес» деді анам.

Мен содан бері аспанға,
Таңырқай қарап жүремін.
Алып көк тудың астында,
Жайнап тұр байтақ ұлы елім!

Аспанның астын өріс қып,
Азаттық алып, жиды есін.
Көк аспан.
Көк ту.
Кеңістік.
Па, шіркін, неткен үйлесім!

Өрнегін жүргем ұға алмай,
Жұмбағын енді шешемін.
Көк туымдағы қырандай,
Мен еркін самғап өсемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері