Өлең, жыр, ақындар

Өткен күндерден өшiру сенi – қасiрет

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Өткен күндерден өшiру сенi – қасiрет,
Мейлi, сен менiң ақ жүрегiмдi басып өт.
Жаншып өт менiң шарасы мөлдiр жанымды,
Төгiле берсiн оның да үнсiз жасы көп.
Бiлгенiң дұрыс, емессiң елес өткеннен,
Сендей бақытты аңғарғаным жоқ, жоқ көргем.
Жүрегiм менiң ызаға тұнып, күлiп тұр,
Жасыл бағымды сен құлазытып кеткенмен.
Жазып алғам жоқ жанарыма да бейнеңдi,
Қуаныш емес, кеудемде мұң мен қайғы өлдi.
Сыртыңнан сенiң сүйсiну ендi жат маған,
Сен аққу болып мекендесең де қай көлдi.
Өткеннен қашу абырой емес пендеге,
Жыр-тұлпарымды байламан сенiң кермеңе.
Адами бақыт бар шығар маған жерде де...
деген ой тұнды күрсiнiс толы кеудеме.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хатқа жауап

  • 0
  • 0

Бәрін дұрыс аңғарғансыз,
Мен дәл сондай адаммын.
Таудай биік қорғандарсыз,
Бөлшегімін қоғамның.

Толық

Қыс жылжыды

  • 0
  • 0

Қыс жылжыды.
Көктем өттi.
Келдi жаз...
Мұң иектеп, күлкi қысып, ердi наз.

Толық

Амстердам

  • 0
  • 0

Амстердам.
Әуежай абыр-сабыр.
Гу-гулескен әр тұста қалың шоғыр.
Алабұртып аспанға телміресің,

Толық

Қарап көріңіз