Алгак – Естай Беркімбайұлы

Бұл бетте «Алгак» атты Естай Беркімбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3096
Қарақат көзді, сүмбіл шаш,
Пісте мұрын, түйме бас.
Алыстан аңсап келгенде,
Ләззәтпен, сәулем, аузыңды аш!

Қарақат көзді, сым саусақ,
Лебізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге керек малды айдап.

Еркелейсің, жан сәулем,
Қысырдың қызыл тайындай.
Лебізің сусын қандырмақ,
Қытайдың қағаз шайындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері