Елеусізге – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Елеусізге» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Не деп отыр, мынау хат?!
Не көріп отыр, мынау көз?!
«Өлім» деген лағнет,
Келуші ме еді бұлай тез?!
Кеше ғана емес пе,
Жөнелткенім қоштасып?!
Майдандағы егеске,
Қалай тез жетті астасып?!
Тірі ме екен, әлде ол
Госпитальға түсті ме?
Сап болып әлде бәрі де...
Үйді ме топырақ үстіңе?
Апыр-ау, тірі келсейші,
Болса да кем-тар қай жері!
Тезірек хабар берсейші,
Тым болмаса дәрігері!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері