Отырма уайымсыз ажал барда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2600
Отырма уайымсыз ажал барда,
Бойында, пенделік қыл, мажал барда.
Дариясы дін - исламның ағып жатыр,
Шомылып кір-қоңыңнан тазар, бар да.
Әкел деп азығыңды Алла айдаған,
Пенденің барлығында базар бар да.
Ұрлатып көптер пұлын құр қол қайтар,
Аңқиып әр нәрсені назарларда.
Сұлудай сұңқар мойын сені де алдар,
Қар дүние өзін-өзі ажарлар да.
Сақ болып, сайманыңды ал түгендеп,
Көп сені көмбей тұрып мазарларға.
Азсынбай, аға-інім, аңғарсаңдар,
Бұл айтқан бар ғибрат ғазалдарда.

1912


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отырма уайымсыз ажал барда өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Отырма уайымсыз ажал барда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Отырма уайымсыз ажал барда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отырма уайымсыз ажал барда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері