Не көп? – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Не көп?» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4531
Кей доста келісуден керісу көп,
Өсек пен өтірікке ерісу көп.
Көзге — дос, сыртыңнан — қас, іштен — араз,
Сылтау қып сәл нәрседен жерісу көп.
Есептеп бірін — онға, онын — жүзге,
Тірнектеп дау-жанжалды терісу көп.
Айналып бас жағы — өкпе, арт жағы — өртке,
Дұшпан боп, досын ұстап берісу көп.
Ұшқыннан өрт қашқандай ақырында,
Артында әлектенер елі шу боп.
Тентектей түстен кейін ес кіретін
Пайда не, өшіккенсің, жеңісу боп?!

1911


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері