Қайтсем де – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қайтсем де» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2697
Ұнады ма алғашқы қадамдарым,
Ақтілеу тіледіңдер маған бәрің.
Талабыма өздерің тай мінгізген,
Айналайын, аулымның адамдары!
Тегеуріні, төзімі көпке шыдар,
Бір қарысқа жүз жылда өскен шынар.
Жеміс теріп бақшамнан жегізгенше,
Мүмкін, біраз жыл зулап өткен шығар.
Жиі-жиі түсіме енесіңдер,
Үсті-үстіне ақ бата бересіңдер.
Айлық жерге aт қосқан атбегідей,
Менен үміт әлі үзбей келесіңдер.
Азаматпын! Түсінем парызымды,
(Жүйрігіңнің енді-енді қаны қызды).
Сенім деген қарыз ғой - келемін мен,
Қайтарам деп, қайтсем де қарызымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері