Өлең, жыр, ақындар

Жыр көмей

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 796
Жыр көмей, жез таңдайлы, қоқыраулы
Сырнайдай сыңғырлата қоңыр әнді
Тойда ақын, ұлан асыр, шырқамас иә,
Айқара ашып тастап омырауды!
Айбарлы аймағымды ай аймалаған,
Тіл – тіл ме, бүгінгі күн сайрамаған?!
Шыңына жарты ғасыр шығып қазақ,
Тұрғанда, – өлең бе – өлең самғамаған?!
Кешегі көгі тамшы тамдырмаған,
Кеудесі кеуіп далам тандырлаған,
Көз салсаң жайнап бүгін жазирадай,
Күні жоқ ел мейірін қандырмаған.
Жас қала қырда туған темір отты
Теміртау домнасынан кереметті,
Балқытып көк болаттан өзен құйса,
Тың далам төкті дәнді меруертті.
Мыңғырған малға сыймай тау арасы,
Қаптатып қойды шопан кәриясы,
Сарайын сауыншының күмбірлеткен, –
Сорғалап сүттің аппақ дариясы!
Адамы жұлдызға көз кезегендей,
Айдарлы гүлге қырды безегендей,
Жарқырап суынан от, тауынан құт,
Өлкемнің болып кетті өзі өлеңдей.
Мақтанам, менің туған аймағымнан,
Жер шарын айналып кеп таң қалдырған
Космосқа Гагарин де ұшқан біздің
Қазақтың кең қырынан Байқоңырдан
Құлпырды кенді далам, гүлді далам,
Жас өсіп, кәрі қунап, күлді анам,
Арнаймын, Отаныма, ағыл-тегіл
Лениннің өзі берген жырды маған.

1961



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған сәлем, туған ел

  • 0
  • 0

Төбесі күміс жамылған,
Кеудесі күнге шағылған,
Кек шатырлы Алатау —
Көк шаңырақ ақ отау,

Толық

Сұр құлын

  • 0
  • 0

Алматыдан қашық емес,
Қаскелеңнің ауданында,
Тыңда, балалар, осы кеңес
Болған колхоз аумағында.

Толық

Кремльдің төрінде

  • 0
  • 0

Қызыл тулы таң атқызған
Халық аңсаған өмірге,
Жаңа жиһан жаратқызған
Кемеңгерге — Ленинге —

Толық

Қарап көріңіз