Өмір туралы жыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өмір туралы жыр» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 797
Білгенім,
Мына өмірде
Сан рет өлесің,
Сан рет тірілесің.
Өзіңе үңілесің,
Өзгеге үңілесің.
Ақырында —
Бәрін де көре-көре! —
Ғұмыры жуылып-тазармайтын
Одан сен түңілесің!
Бірде қақырап сөгілесің,
Бірде қақ айырылып жыртыласың,
Жаныңды
Тозаққа сап қинайсың.
Бірақ бәрі бір
Оны сен қимайсың.
Түңілсең,
Ол сені қайтадан
Сиқырдай алдайды,
Әзәзілдей арбайды.
Безінсең,
Соңыңнан қалмайды.
Бұл тірліктің
Бір жері ойпаң,
Бір жері қайқаң екен.
Әйтеуір білгенім,
Мынау өмір
Біреуден жүкті болып,
Оны аборт жасатып,
Сонан кейін
Қайтадан қыздай қылымсып
Басқа біреуге тұрмысқа шығатын
Сайқал екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері