Жер екен – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жер екен» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1053
Абхазия гүл бағы
Бұлбұл сайрар жер екен,
Көк бұлты да таудағы
Көк теңіздің лебі екен.
Жырдай көңіл есіліп
Жайраңдайтын жер екен,
Қыз бен жігіт қосылып
Сайрандайтын жер екен.
Қара теңіз жиегі
Жақын тұрар жер екен,
Жырмен туған жүрегі
Ақын тұрар жер екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері