Ұлы Мұхтар Әуезов – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Ұлы Мұхтар Әуезов» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 15561
Мың жылдар өшпес өрнек,
Айғақ тұлға,
Кең мінез, кең даламдай
Байтақ тұлға
Мұхтарымыз еді ғой
Теңіз ойлы,
Талмай жортқан тарландай
Тайғақ мұзда!
Жасаған алтын таудай жоталары
Арманы —
Артындағы « боталардың»
Гауһарын шашырауда
Қалған жылдың,
Мұхаңдай
Шебер оймен қотарар кім?!
Ортада жоқ болса да
Өзі бүгін,
Ұрпағы
Көтеруде өмір жүгін.
«Абайы»
Алатаудың төрт шыңындай,
Аплатон ақылыңдай
Білгірлігі.
Туған жер—
Кіндігінен тұрған аумай—
Жазыққа біткен
Жазғы асқар таудай
Саянда самалыңмен
Желпуші едің,
Самсаған достарыңды бақша-баудай.
Құдіретті
Сезім сыры қаламыңның, —
Дарыны,
Дарқандығың, даралығың;
Тарпынып
Тарлан тарих көш тартқанда,
Жарқырап
Бара жатар даналығың!
«Адам қонақ өмірге», —
Деуші ең бізге, —
Әуелден ұстаз тұтқан
Күнімізде;
Қай елге бара қалсақ:
«Мұхтармыз!»—деп,
Жүреміз
Сиынғандай пірімізге.
Өлсең де,
Өлмей туған сөзің тірі,
Бүрленер ғибратыңмен сезім гүлі.
Гауһарын төгілдіріп жүрегіңнің,
Ойлы жүзбен
Отырған кезін тірі.
Ой өріп,
Орман егіп
Жыл кешірген.
Қартайдық
Міне, біз де, сіз өсірген.
Ұрпақтарын
Қарсы алмақ, Мұха, сізді,
Әр жылдың,
Әр ғасырдың белесінен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы Мұхтар Әуезов өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Ұлы Мұхтар Әуезов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы Мұхтар Әуезов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы Мұхтар Әуезов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері