Қақса бұлбұл таңдайын – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қақса бұлбұл таңдайын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 768
Дала шешіп ақ тонын
Тау бүйірі бу атып,
Бұлақ толқын атқанын
Көрсең шыңнан құлатып, –
Тас емшегін бұлт еміп
Керілер кербез Алатау,
Тұрғандай-ақ тіркеліп
Төбесі күміс ақ отау.
Алма бағы Алматы
Арайлана тұрса бір,
Ақ көбелек қанаты
Секілді әсем жарса гүл, –
Жаздың әнші қонағы
Қақса бұлбұл таңдайын,
Көкейіме қонады,
Менің де, тәтті талай үн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері