Биіктің түбі төменде – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Биіктің түбі төменде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 756
Мен, биіктен төменге
Көз тіксем жай шарқ ұрмай,
Биіктің түбі төменде
Дегім келед алтындай.
Биік те, көркем көремін
Алатаудың шыңдарын,
Одан да көркем дер едім
Қаланың түнгі шамдарын.
Қарасаң түнде ездерің
Басынан биік шың-құздың, –
Көресің алтын көздерін
Төменде жанған жұлдыздың...
Алатаудан далама
Көз жіберсем жақсы-ақ тым,
Алматыдай қалама
Алтын шашып тастаппын!
Мен биіктен төменге
Көз тіксем жай шарқ ұрмай,
Биіктің түбі төменде
Дегім келед алтындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері