Мыстанға – Samat Abdesh

Бұл бетте «Мыстанға» атты Samat Abdesh жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қаншалықты алдың сабақ менімен?
Айтатындай толып ауыз,кеңінен.
Сенбейтіндей оқиғалар болды ғой
Тіпті соны айттындар ма онымен?

Созылды ғой індетім,жазылмады,
Оған шипа әзірше ашылмады.
Қойдым атын сенікін ауруыма,
Басқа адам ауыратын табылмады.

Жүрек ісі - бөлек іс,шатастырған,
Ерлер тұрмақ,елдерді шайқастырған.
Сен үшін болар соғысымда,
Әр жеңісім метрлер алыстаған.

Жеңісімнің белгісі-жыламауың,
Сол әкеңе өміріңнің қарамауы.
Жаныңда әр кезде кім болса да,
Қорғансыздық қалпыңа оралмауың.

Жара сала өзіңе,өзім күйдім,
Қарай бере көзіңе,тағы сүйдім.
Мыстанның қарашығы солып қалар
Кездескенде қатынымен сұм Керейдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері