Алматы түні – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Алматы түні» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1233
Көрсе көзің тоя ма
Алматыда түн қызық,
Тұрғандай сәл ауада
Бір ғажайып үн жүзіп...
Сымдай тартқан арықта
Сыңғыр-сыңғыр су күліп,
Сыйласқан бір қалыпта
Сұлулары сырды ұғып...
Жан рақат тапқандай
Түнгі ауада тамылжып,
Көшіп бара жатқандай
Көз ұшында тау жылжып...
Жапырағына жұптаған,
Жұпар ауа жұттырып,
Ақ қайыңдар ұйықтаған
Аяғынан тік тұрып...

1961


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері