Бұрқасын – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бұрқасын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 1
  • 7011
Жаяу боран бұрқасын
Иір жіпті кідірмей.
Үйір қардың ұлпасын
Аққудың ақ жүніндей.
Тоқымашы ежелден
Құйын, боран екеуің.
Оқалап бір безеңдер
Шыршалардың етегін.
Аяз ұста арқалы
Соқ дамылсыз бүгін де,
Қайың тағар алқаны
Жаңа жылдың түбінде!


Пікірлер (1)

Даулет

Жана жылдай мерекенің ұйқасы

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері