Сәріде гүл ектім – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Сәріде гүл ектім» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1284
Үйімнің алдына
Сәріде гүл ектім.
Нәр құйдым балғынға
Лебімен жүректің.
Жарқырап шуақ күн,
Емізді уызын,
Кәусарын бұлақтың
Тамыздым күн ұзын.
Жүзінде нұр сипат,
Желегі елпеңдеп.
Ұлпасын күн сипап,
Собығын жел тербеп.
Түнде төрт ояндым,
Атырдым таңды да.
Суықтан аяулым,
Салқындап қалды ма?
Шұқи ма сұқтанып,
Әлдебір сұр тұмсық?
Шоши ма шық тамып,
Шиқылдап бір шымшық?
Жайнайды райханым,
Жұтамын гүл иісін.
Жырымды айтамын,
Гүл үшін, күн үшін.
Шарт етпе найзағай,
Соқпа үрей дауылдай!
Гүлім жас баладай,
Ұйықтасын дамылдап.
Бүрмесін шеңгелдер,
Ілмесін шырмауық.
Желегін тербеп жел,
Көк тұрсын нұр жауып.
Алау бір шалмасын,
Зәйдахан, қалғыма,
Шөліркеп қалмасын,
Шербет құй балғынға.
Алтын күн жарқырап,
Сәулесін сыйласын.
Жаныма шам-шырақ,
Өссін гүл – Мирасым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәріде гүл ектім өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Сәріде гүл ектім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәріде гүл ектім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәріде гүл ектім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері