Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген,
Бір жарқыл бұл, көзімнен көрінбеген.
Бір гүлін көңілімнің келдім сақтап,
Жолықпай жүрген жанға өмірде мен.
Бір дірілім жанымда шықпай жүрген,
Шықпай жүрген ашылып шықтай жырмен.
Үміт пе екен, мұң ба екен,
арман ба екен,
Тыншымды алған ол не екен, ұқпаймын мен.
Қиялдан да арманның жүгі басым,
Жүгіресің, жол таппай жығыласың.
Кірпігімді жабамын, көздеріме,
Батқан күннің түсіріп шұғыласын.
Бір арман қолын берсе күліп келіп,
Ә, дегенде, сене алмай, күдіктеніп.
Көзімдегі жарқылды шығарармын,
Ернімдегі күлкіні үміт төгіп…
Жаным толқып ішімнен езілермін,
Тәңірім-ау, сол ғой бұл, өзі дермін.
Бақытыма сеніп, не сенбесімді –
Білмей мен өзіңе бір кезігермін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері