Кешіктің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кешіктің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 828
Сен енді келеді деп күтпе мені,
Күтудің тимес жанға түк көмегі.
Бір кезгі шимай-шиыр іздерімді
Көрсетпей күміс түстес шық көмеді...
Жолымды, іздерімді шық көмеді,
Көгімде бұлт жүз аунап, бүктеледі.
Бір кезгі сені көріп, алабұртқан
Көңілдің осыменен бітті өлеңі...
Кетерсің көз алдымды тұманға орап,
Тұманнан күн шығардай тұрам қарап.
Тілекке тіл қатпайсың, көк аспанға
Құс қайтіп көтерілер сыңар қанат?..
Жанады кеудемде бір жалқы жүрек
(Ешкімге жылуы жоқ, жарқылы көп).
Торғайдай қыстап қалған бүрісемін,
Тигенде сезіміңнің салқыны кеп.
Кешіктің, келеді деп күтпе мені,
Жастықтың жалын атқан бітті өлеңі.
Сайраған арадағы іздерімді
Көрсетпей күміс түстес шық көмеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіктің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кешіктің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіктің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешіктің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері