Балама – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Балама» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3015
Өмірдің ащы-тұщысын,
Сен үшін көрдім, бөбегім.
Көрмеген қайдан түсінсін,
Жатпаймын айтып себебін.

Аялап сені өсірдім,
Болсын деп жақсы азамат.
Еркелігіңді кешірдім,
Ерсіңді айтып саралап.

Арқалай жүріп ауыр жүк,
Жетектей сені оқыттым.
Алдымда бар деп зор үміт,
Жеткеніңді көп күттім.

Ақыры жеттің дегенге,
Азамат болдың саналы.
Анаң бар қымбат менен де,
Сүйе біл Отан–ананы!
Өмірлік қазна сарқылмас,
Мектептен алған білімің.
Оқытқан сені кәрі ұстаз, –
ұстазым еді ол менің.
Оқиды содан келер жас,
Оқиды сенің бөбегің,
Қартаймайтын сол ұстаз
Өсіре бермек өренін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балама өлеңінің авторы кім?

Мәриям Хакімжанова — осы өлеңнің авторы.

Балама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәриям Хакімжанова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері