Езілме жүрек, езілме
Бұл бетте «Езілме жүрек, езілме» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Езілме жүрек, езілме,
Шаршап жүрген кезімде.
Шыдамасаң өле қалшы,
Мазамды алмай езіл де!
Қысылма жүрек, қысылма,
Ауыр күннің тұсында!
Кайғыдан өлген қандай жан,
Көне тұр сорлы
қысымға!
Қабынба жүрек, қабынба,
Жазылған осы бағың да!..
Ажалдан бұрын өлмек жоқ
Көрерсің әлі тағы да!
Төгілме жасым, төгілме!
Берме ерік көңілге.
Тірі адамнан үміт бар,
Қайғыңды сергіт, жеңілде.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі