Күтпеген көктем – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Күтпеген көктем» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 885
Туды ма, расымен,
Жарқырап шуақ күн?
Жайнады жасыл кең
Аясы гүл бақтың.
Мынау не, ну айдын —
Егін бе, тоғай ма?
Бұлақтар тулайды,
Асыр сап маңайда.
Көгім де, көлім де,
Күмістей жайнайды.
Қанаты алтындай,
Балықтар ойнайды.
Бұлттармен жарысып,
Құстар да масайрап,
Мәз болып бәрі, ұшып
Ән шырқап жүр сайрап.
Жағада, ну белде,
Мәз болып еркелеп,
Сүңгіді гүлдерге,
Әуесқой көбелек.
Елтисің жұтқанда,
Хош ауа бал исін;
Маужырап ұйықтауға
Рахатпен қалғисың.
Жел шіркін ойнақтап,
Шоқыны тербейді.
Сондай-ақ ой қаптап,
Мені де меңдейді:
Жібектей сөз шырмап,
Кеудемді буады.
Бақытты сонырқап,
Наз жырым туады.
Дел-салмын сол бір шақ,
Ұмытып өзімді.
Жыр-бикеш, жай құшақ
Биледің сезімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күтпеген көктем өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Күтпеген көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күтпеген көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күтпеген көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері