Таң да атпайды, безерді түн неліктен –
Роза Сейілхан
Бұл бетте «Таң да атпайды, безерді түн неліктен» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таң да атпайды, безерді түн неліктен,
Түрі ме әлде жалғызсың деп кеміткен.
Анау жұлдыз телміреді несіне,
Әлде сол ма сезімімді еліткен.
Кешір енді, періште емес, пендемін,
Асып жатыр, тасып жатыр менде мұң.
Ақымақ Ай, жұлдызыңды алып кет,
Білмеуші ме ең, мендік сезім өлгенін.
Қылаң берші, құтқарушым, ақ таңым,
Көрмейсің бе, жаным жылап жатқанын.
Жалғыз едім, дәл кеудемнен мына түн,
Басып қойды зілдей қара батпанын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі