Көгілдір көкте күн күдік – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Көгілдір көкте күн күдік» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көгілдір көкте күн күдік,
Құйқылжыр сағым сыр бүгіп.
Жанардан тамбай тамшылар,
Ақ шағыл бұлттар тұр күліп.
Санама сіңіп сағыныш,
Жанымда болған жарылыс.
Кеше гөр, мені Тәңірім!
Адымым бассам жаңылыс.
Жаратқан, өзің бір Аллам,
Алдыңда талай сыналғам.
Сезімім бар да, жүрегім,
Күнәға батпай тұра алман.
Жаңылыс баспай жүре алман.
Көгімнен төкті күн нұрын,
Жырақта қалсын мұңды күн,
Мен бүгін мұңның көзінен,
Бір тамшы болып сырғыдым.
Қуаныштан кеп жыладым,
Жанғандай болды шырағым.
Тәңірім, өзің жар болшы,
Бармақтай бақты сұрадым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері