Бұл бетте «Март» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жауып тұр қар, жауып тұр,
Жайраңдайтын жаз қайда?
Жұпарын қырға жайып гүл,
Жұпарын қырға жайып гүл,
Шашағын бізге жазбай ма?
Шілде жақын, жайна дер,
Арбап көктем нұрлана.
Қарлығаш та айлакер.
Қарлығаш бір айлакер,
Қыпыңдап қарап айнала.
Жалғыз өзім жабырқап,
Жүдеу тартты айналам.
Келер жазым жарқырап,
Келер жазым жарқырап,
Екеумізге жайнаған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі