Өтірік күлем, күлмеске шара бар ма – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Өтірік күлем, күлмеске шара бар ма» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өтірік күлем, күлмеске шара бар ма,
Осы күні түсіп жүр, алаң арға.
Бұл қаладан біржола кетсем бе екен,
Артып алып жүгімді қара нарға.
Сорымды жүр үмітім ақтап алып,
Мысықтілеу біреулер таптары анық.
Жаным әппақ болатын, тәлкек тағдыр
Жаға салды күйесін қап-қара ғып.
Ажыратып жатпады ақ, қара ғып,
Өтпегендей басынан тап балалық.
Егер де мен қар болсам, мына адамдар,
Қояр ма еді қатырып аққала ғып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері