Сәлем саған, Сырдың елі – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сәлем саған, Сырдың елі» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1885
Аяулым, амансың ба, Сырдың елі!
Ақжамбы, асыл маржан жырдың елі!
Сен шықтың қарсы алдымнан таң боп атып,
Көңілім де саған құмар бұлбұл еді!
Көгіне шыға сала, кеттім жырлап,
Қосылды гүл сыбырлап, Сыр сылдырап.
Ғажайып бір оркестр ашылды алдан
Ән тасып, жыр қалықтап, күй шымырлап.
Құштың сен, құшағыңа еніп алдым,
Алдында арманы не елі бардың!
Тыңдайтын мәуесі мол бақ екенсің
Саяңа сайрай берсем келіп әр күн.
Көргенім болды тұңғыш ала таңың,
Соңынан жұлдыз еріп ай апаның,
Ұзатып бара жатты көкжиекке,
Соқтырып Сырдария алақанын.
Жолдадым сәлемімді Сыр анама,
Ол жомарт - тілегімнен шыға ала ма?
Дәметкіш бала көңіл азға алданар,
Бір толқын берсең болды сыбағама.
Ал кәне көрсет көркің көз қуансын,
Бәрінен ең үлкен сый - өзің барсың.
Сан жүйрік тозаңдатқан топырағында
Менің де шапқылаған ізім қалсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем саған, Сырдың елі өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сәлем саған, Сырдың елі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем саған, Сырдың елі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем саған, Сырдың елі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері