Самал жел сыңарым ғой – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Самал жел сыңарым ғой» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 833
Самал жел сыңарым ғой
Жүзімнен күліп өбкен.
Ақша бұлт – ақ жаулығым
Сол сәтте ұшып кеткен.
Ақ сағым – аяулымның.
Алқа ғып сыйлағаны.
Жұлдыздар – сол алқамның
Кеудеме сыймағаны.
Заңғар тау – тұғырым ғой,
Төбелер – таянышым.
Төгілген жылы жаңбыр –
Мейірім, аянышым.
Мұхитқа көз тасташы,
Ол – менің толқынды ойым,
Ақ терек аспан сүйген,
Ол – менің сындар бойым.
Көкте күн күлімдеген.
Мендегі бітпес жалын.
Әппақ, нұр, сұлу сәуле
Ол – менің намыс-арым.
Табиғат «құдай» дейміз,
Менімен ғана құдай.
Алдыңа менсіз жерде
Тылсымын тартқан ұдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самал жел сыңарым ғой өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Самал жел сыңарым ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самал жел сыңарым ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самал жел сыңарым ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері