Нала – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Нала» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 626
Бұл тағдырдың талқысына
Алты жастан көнген ем.
Ащысын да, тұщысын да
Әбден татып көрген ем.
Ризығына риза болып
Алғыс айтып Тәңірге
Бұйырғанға қанағат қып,
Жетегіне ерген ем.
Бітпей әсте қойды-ау әбден
Кереғарлық көлденең,
Түйін, түйнек болып қатты
Байланған сор, шер-шемен.
Кетермісің бітеу жара
Ашылып бір жарылмай,
Көз жұмамын ба япыр-ай
Қалың сордан арылмай.
Қосып айтып не қылайын
Татымсыздар қылығын
Жетесізге арнаған сөз,
Желге кеткен бос шығын.

06.05.1999 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нала өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Нала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері