Қалай? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қалай?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 910
Тұлпарларым
Кермелерде
Тықыршып тұра алмайтын;
Сұңқарларым
Саңқылдап ұрандайтын;
Бір жағында — Саққұлақ,
Бір жағында — Таусоғар,
Алдында —Желаяқ,
Соңында —
Көлтауысар тұратын
Тұтас елім бар еді!
Сол елімнің,
Құдай-ау —
Жарылып! —
Бара жатқаны қалай?
Қыранның өзі
Бір шетінен
Екінші шетіне
Апталап жете алмайтын;
Аспандағы бұлттың өзі
Бір тауынан
Екінші тауына
Өте алмайтын
Шетсіз-шексіз
Жерім бар еді.
Сол жерімнің
Әркімге қолды боп
Тарылып
Бара жатқаны қалай?
Қалай?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қалай? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалай? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалай? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері