Алмасқа өткiр бергiсiз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алмасқа өткiр бергiсiз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 740
Алмасқа өткiр бергiсiз
байланып қалар сөз бұған.
Түртпесе,
қарап көргiсiз –
бозала тұман,
боз тұман.
Тұман да тұйық қамал бiр
жолаушы үшiн тамұқтай:
сабылып қанша адам жүр
жаңылып бағдар-бағыттан.
Тәуекел деуге бата алмай
келедi тоқтар жер iздеп:
жолаушы –
меңiреу жапанда,
қайықтар –
құрдым теңiзде.
Шығысың қайда,
батысың,
терiскей қайда,
түстiгiң? –
айыра алмай шатысып
қалатын кезiң түстi бiр.
Абай бол, жүрек, үрiкпе! –
берiлме ендi, өзгерме –
осындай тұман iшiнде
адасып кеткен үмiт пен
адасып кеткен сөздерге.
Уақыт қазiр қапылыс,
күйесiң,
налып,
жанасың, –
жүр екен қанша махаббат,
қаншама арман, сағыныш
компассыз
қатал тағдырдың
боз тұмандарында адасып.
Құтқару үшiн соларды
қасқая бұрып бетiмдi
шарт буып белдi шығамын, –
«SOS» хабарын естiген
ержүрек кеме секiлдi
кешемiн тағдыр тұманын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмасқа өткiр бергiсiз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алмасқа өткiр бергiсiз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алмасқа өткiр бергiсiз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алмасқа өткiр бергiсiз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері