Ғасыр жаңбыры – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ғасыр жаңбыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 536
Өз-өзiме қамалып
Ойға батып өшпеген, –
Шықтым сыртқа қабарып
Сұп-сұр күңгiр кеште мен.
Үн шығармай қыстығып
Сығып алдым жасымды...
Жылан құсап ысқырып
Жел соқты да, басылды.
Көлiмде ме, белде ме,
Көгiмде ме, жерде ме?! –
Суылдады әлдене,
Сұңқылдады әлдене!
Дыбыс шықты мүлде өзге!
Демiм менiң тұншықты.
Сұп-сұр көкке
Бiр кезде
Өттей жасыл бұлт шықты.
Шатасты ма ақылым!..
Естi жидым әрең деп....
Келе жатты ақырын
Сол бiр бұлт төмендеп.
Көк те тозып көнерген.
Көмескi боп қалған нұр.
...Құйып бердi төбемнен
Өттей жасыл сол жаңбыр.
Үндер шықты қаңғырған...
Неткен көп бұл күйiгiм?!
Iрiп кеттi жаңбырдан
Үстiмдегi киiмiм.
Сол бiр жаңбыр түйiлiп
Құйды желмен аралас.
Iрiп кеттi киiмiм,
Қалдым мүлде жалаңаш.
Жаным уын iштi ендi,
Шайылды ғой бетiм де,
Сыпырылып түстi ендi
Iрiп менiң етiм де!
Түнге сiңiп баттым мен
Жел соқты ғой құтымды ап.
Кетiп бара жаттым мен
Қаңқамменен сықырлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғасыр жаңбыры өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ғасыр жаңбыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғасыр жаңбыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғасыр жаңбыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері