Шежіреші

Бұл бетте «Шежіреші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Осы қартты тыңдаймын да түсiнем,
бiр құдiрет сезiп түр мен түсiнен –
жаңа ғана шықса керек
қараңғы
қатпар-қатпар ғасырлардың iшiнен.
Құрта алмаған тағдырдың сан тозағы,
отыр, мiне, өткен заман қазағы.
Шалғайын сәл сiлкiп қалса,
үстiнен
бұрқ етедi ғасырлардың тозаңы.
Iшкендей-ақ кермек қышқыл бозаны
мақамдап бiр сосын дауысын созады:
оң жағында –
базарлы өлке Таразы,
сол жағында –
ажарлы өлке Созағы.
Жарқырап бiр кетер сонда күн, айың,
ұмыт қалып пайғамбарың, құдайың –
ағыл-тегiл төгедi кеп сол қартың
сөздiң небiр райы мен шырайын.
Айтып елдiң –
үмiтi мен тiлегiн,
айтып елдiң –
ұстыны мен тiрегiн
отыр қартым жайып салып алдына
сөздiң небiр мақпалы мен жiбегiн.
Тыңдап содан тауқыметiн елiңнiң
өз-өзiңнен, өз-өзiңнен егiлдiң,
Адастырып кетiп жүрген ұстатпай
алтын тiнiн тауып берер тегiңнiң.
Өз өзiңмен отырасың тұтанып! –
тауып алып әулетiңнiң бұтағын.
Сөздiң небiр шүйгiнiнде көсiлiп,
сөздiң небiр сiмiресiң жұпарын.
Аңғарып тек елдiң бағыт, ағымын,
аласың сен тәлiм менен тағылым.
Тарқатады ол –
ата-баба тағдырын,
тарқатады ол –
ата-баба тамырын.
Сөздерден сол – қанып шөлiң құмарың,
сөздерден сол – табылады ұраның.
Табасың сен сол сөздерден
бiлем мен
сөнбей қалған шындықтың бiр шырағын.
Құрта алмаған тағдырдың сан тозағы,
отыр, мiне, өткен заман қазағы.
Шалғайын сәл сiлкiп қалса,
үстiнен
бұрқ етедi ғасырлардың тозаңы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шежіреші өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шежіреші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шежіреші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шежіреші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері