Ұршық – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Ұршық» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 1
  • 4951
Зырылда, ұршық, зырылда,
Тезірек толсын алқымың.
Қосайын әуен зырылға,
Калауынша халқымның.
Анамнан қалған мұрасың,
Айнала берші ақұршық.
Сақтаймын сені мұра үшін
Тағы да зырла, бір ыршып.
Зарыққан анам, сенімен,
Өршіте алмай өнерін.
Мұрасың калған өмірден,
Соңдықтан тәуір
көремін.
Зырылда, ұршық, зырылда,
Келеді жырым ағылып.
Аналар өтті-ау бұрын да,
Өнімсіз саған табынып.
Өнерсіз күннің ермегі.
Қалсын ізің жырымда.
Өнерім өрге өрледі,
Салмаймын көздің қырын да.


Пікірлер (1)

Назерке

Бұл өлеңдер өте керемет шыққан

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұршық өлеңінің авторы кім?

Мәриям Хакімжанова — осы өлеңнің авторы.

Ұршық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұршық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәриям Хакімжанова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұршық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері