Талас

Бұл бетте «Талас» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Елiме қорған болатындай
Арқар мүйiздi,
Атан жiлiктi азаматтарым
Таласып жатыр.
Ашық күнде –
Тұман iшiнде жүргендей
Адасып жатыр.
Бiрiн бiрi
Жағадан алуда.
Бiреулерi
Қараптан қарап жүрiп
Жалаға қалуда.
Бiреулерi бұғып,
Бiреулерi күпсiп жатыр.
Алып далам
Шоқ түскен киiздей боп –
Өтiрiк пен өсектен! –
Бықсып жатыр.
Не жетпей қалды?!
Билiк пен байлыққа
Кеңiрдектерiңнен келiп,
Кекiрелеп тойып
Бөгiп отырсыңдар.
Жұрт жемегендi жеп,
Жұрт ембегендi
Емiп отырсыңдар.
Одан да
Иiлгенде
Үзiлiп кетердей,
Бүгiлгенде
Басы жерге тиердей
Алақапшық көтерген
Аналарды ойласаңдар неттi.
Ызғардың өтiнде
Жалаңбас,
Жалаңаяқ жүрiп
Тесiк өкпе болған
Балаларды ойласаңдар неттi.
Есiмдерiң Айға жетiп
Күндей күркiреп
Дүрiлдеп тұр.
Еңсесiн
Ендi көтерген елiңнiң
Тiзесi
Дiрiлдеп тұр.
Дiлiң мен тiлiң
Тiлiм-тiлiм боп кеуiп
Кезерiп тұрған жоқ па?!
Аңласаңдар неттi.
Оң мен солыңда
Бiреулер безерiп,
Бiреулер қолдарын шошайтып
Кезенiп тұрған жоқ па?!
Байқасаңдар неттi.
Таласып жатырсыңдар, –
Адасып жатырсыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талас өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Талас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері