Шықпастан қалған үндердi – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шықпастан қалған үндердi» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 717
Шықпастан қалған үндердi
жүректi мәңгi мекендеп,
аспанға құлақ түргем-дi
аққулар айтар ма екен деп?!
Жұтынып, сыңсып болғаны
айта алмады ол-дағы.
Жататын қайғы, шер iздеп,
кеудесiн шайқап көтерген
қарадым көкбет теңiзге
толқындар айтар ма екен деп?!
Жартасқа шапшып болғаны
айта алмады ол-дағы.
Ыңырсып соғып ырғағын
жататын қауiп-қатерде,
жападан жалғыз тыңдадым
ормандар айтар ма екен деп?!
Желменен шулап болғаны
айта алмады ол-дағы.
Кетемiн үнсiз күнiне
мезгiлдi ғана мекендеп, –
қашан бұл тұйық дүние
шешiлiп сөйлер екен деп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шықпастан қалған үндердi өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шықпастан қалған үндердi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шықпастан қалған үндердi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шықпастан қалған үндердi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері