Отарба – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Отарба» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 1
  • 2239
Отарба шу,
Түтін мен бу,
Шап, ырсылдап гуде гу!
Қайнат терді,
Айнал жерді,
Алып жүйткі қызыл ту.
Дүние тегіс,
Жалпы кеңес,
Қызыл туға бағынсын.
Жалпы ғалам,
Қызыл әлем,
Қызыл шашақ тағынсын.
Жердің көркін,
Емін, еркін,
Бұдан да артық көрейін.
Жаздың әнін,
Жердің сәнін,
Жыр ғып тағы берейін.

1925 жыл, мамыр,
Москва — Орынбор жолы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Руслан

Рахмет

Осы автордың басқа өлеңдері